Тікелей эфир

Қазақстанда Қадір түні қалай өтті? Фото

Астана және Алматыда жас қарилар марапатталды

Қасиетті түнде республикамыздағы барлық мешітте Құран хатым дұғасы жасалып, жамағат таңсәріге дейін құлшылық етті. 

Фото: Muftyat.kz
Фото: Muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Munara TV телеарнасы тікелей эфирде "Мың айдан да қайырлы Қадір түні" атты бес сағаттық бағдарлама ұсынды. Арнайы бағдарлама эфиріне орталық студиядан бөлек,  Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы тілшілері қосылып, арнайы әзірленген бейнематериалдар көрермен назарына ұсынылды.

Фото: Muftyat.kz

Астана және Алматы қалаларында жас қарилар марапатталды. Оларға құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.

Фото: Muftyat.kz
Фото: Muftyat.kz

 

Серіктестер жаңалықтары