Тікелей эфир

Қошанов Үкімет басшысы қызметіне Әлихан Смайыловты ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. 

Мәжіліс төрағасы мемлекет басшысына Amanat партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Aqorda.

Қошанов Үкімет басшысы қызметіне Әлихан Смайыловты ұсынды. Фото: Aqorda

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды", – деп жазылған ресми хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Премьер-министрдің кандидатурасын президентке Amanat партиясы ұсынады


 

Серіктестер жаңалықтары