Тікелей эфир

Қысқы Универсиада жеңімпазы ҚазСТА академиясының грантына ие болды

Академия, сондай-ақ 4 студенттің оқу ақысына жеңілдік жасады.

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирьянов қысқы Универсиадада алтыннан алқа таққан Данил Васильевке білім грантын тапсырды, деп хабарлады академияның медиа орталығы.

Шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев орташа тармплинде ең үздік нәтиже көрсетіп, АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен қысқы Универсиада ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Ол – Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиадалық спорт факультетінің 1 курс студенті.

Данил Васильевке білім гранты сертификатын табыстау сәті

Оқи отырыңыз: "Үздік үштікте келеміз". Қайрат Закирьянов универсиададағы Қазақстанның жетістігі жайлы


Сондай-ақ, 2023 жылғы дүниежүзілік Универсиадада 4-5 орыннан көрінген  студент-спортшылар Мағжан Амангелдіұлы, Асқар Әли, Арина Крюкова, Вероника Шишкинаға  Қазақ спорт және туризм академиясы 2022-2023 жылғы оқу ақыларына 100 пайыздық жеңілдік жасады. 

Айта кетейік, 2023 жылғы дүниежүзілік Универсиадада қазақстандық студент-спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен 11 орынға тұрақтады. Қоржынға түскен үш алтынның екеуі – Қазақ спорт және туризм академиясының студент-спортшыларына тиесілі. Биатлон жарысы бойынша 15 шақырым қашықтықта жекелей сынға түскен Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Вадим Куралес алтыннан алқа таққан болатын.

Серіктестер жаңалықтары