Тікелей эфир

Раушан, хризантема, қалампыр. Қазақстандықтар қандай гүлдерді жиі сатып алады?

Көш басында раушан гүлдері тұр.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға шетелден қандай гүлдер жиі импортталатынын мәлімдеді.

2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға барлығы салмағы 1 085 тонна, құны 8,5 млн доллар болатын гүл әкелінген.

Сұранысы жоғары гүлдердің көшін раушан гүлдері бастап тұр. Жыл басынан бері елге салмағы 724 тонна, құны 6 млн  доллар болатын раушан гүлдер әкелінген.


Оқи отырыңыз: 8 наурызда Алматы және Нұр-Сұлтанда қайда демалуға болады?


Екінші орында – хризантема (салмағы 97 тонна, құны 883 мың доллар), үшінші орында – қалампыр (салмағы 28 тонна, құны 165 мың доллар) тұр.

Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие (24 тонна, 178 мың доллар).

Ал қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс,  ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдердің салмағы 167 тонна, құны 1,1 млн долларды құрайды.

"Гүлдер көбінесе Нидерландтар (535 тонна), Бельгия (162 тонна), Германия (115 тонна), Эквадор (94 тонна), Литва (79 тонна), Колумбия (54 тонна), Өзбекстан (69 тонна), Кения (15 тонна), Словакия (5 тонна), Израиль (4 тонна) және Түркия (3 тонна) елдерінен әкелінген", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан да гүл экспорттаушы елдердің қатарында. 2021 жылы құны 71,4 мың доллар болатын 17,8 тонна раушан гүлдері мен лалагүлдер шетелдерге шығарылған.


Оқи отырыңыз: Наурыз мерекелерінде отырыс өткізуге рұқсат па?


 

Серіктестер жаңалықтары