Тікелей эфир

Сбербанктегі ақшаны 12 шілдеге дейін басқа банктерге аударуға болады

Аталған мерзімге дейін банк барлық операцияны жүзеге асырады.

Қазақстанда Сбербанк 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін барлық операцияны жүзеге асыра алады, деп мәлімдеді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік жетекшісі банктің депозит пен заңды әрі жеке тұлғалардың салымын, шетел валютасын басқа банктерге аудара алатынына тоқталды.

"Осы жылдың 12 шілдесіне дейін Сбербанк клиенттері үшін барлық операция бойынша қызмет көрсете алады. Сондай-ақ, шетел валютасындағы операцияларды да жүзеге асырады. Клиент өтініміне сәйкес салымдарды басқа банкке аудару мүмкіндігі жасалады", – деді Мәдина Әбілқасымова.


Оқи отырыңыз: Мобильді ақша аударымына салық салына ма? Жиі қойылатын сұрақтарға жауап


Агенттік өкілінің айтуынша, ұлттық валютадағы операциялар санкциялар салынған соң да жүзеге аса береді.

"Ресейлік үш банктен өзге қазақстандық банктерге қаражаттың қомақты сомада аударылып жатқанын байқадық. Сбербанк пен ВТБ банкі меншік иесін ауыстыру үшін жаңа инвестор іздеп жатыр. Инвестор анықталған соң, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі АҚШ-тың өкілетті органдарынан санкция тізімінен шығаруға қолдау көрсетеді", – деді агенттік төрайымы.

Серіктестер жаңалықтары