Тікелей эфир

Семей көшелеріндегі қазақтілді жарнамалардан 74 қате табылды

Қала тұрғындарының 98 пайызы мемлекеттік тілді біледі.

Семей қаласының көшелерінде ілінген қазақ тіліндегі жарнамалардан бірқатар қате табылды. Бұл туралы өңірдің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

"302 объектіге мониторинг жүргіздік. Оның аясында Семей қаласы тілдерді оқыту орталығы дайындаған сөздіктер таратылып, тілге қатысты заңда жазылған талаптар түсіндірілді. Көшеде ілініп тұрған қазақ тіліндегі жарнамалардан 74 қате анықталып, 48 объекті олқылықты түзетті", – деді Назерке Аққожина.


Оқи отырыңыз:


Мұнымен қатар, ол Семейде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арнап мемлекеттік бағдарламаға сәйкес іс-шара әзірленгеніне тоқталды.

"Арнайы құрылған орталықтарда өткен жылы 719 адам қазақ тілін тегін үйренді. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, жергілікті тұрғындардың 98 пайызының қазақ тілін білетіні анықталды", – деді бөлім басшысы.

Еске салсақ, жазушы Ақберен Елгезек мектептерде социалистік ескі идеологияны насихаттайтын кітаптардың әлі тұрғаны туралы мәселе көтерген еді. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары