Тікелей эфир

Сенат депутаты: Импортқа тәуелділік Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға сүт өнімдері 23, құс еті 38, шұжық өнімдері 44 пайыз импортталады.

Сенат депутаты Бауыржан Қаниевтің айтуынша, Қазақстан импорттық өнімдерге өте тәуелді, ал бұл мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Осыған байланысты депутат елдің импортқа тәуелділігін төмендету, тамақ өнімдері өндірісін дамытуды қамтамасыз ету, экспорт пен импорттың теңгерімді құрылымын сақтау, сондай-ақ, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды.


Оқи отырыңыз: Алматыда қай дүкендерден 2050 теңгеге сапалы ет сатып алуға болады?


"Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану мәселелерін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынамыз. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеуді және сауда үстеме бағасын 15-тен 10 пайызға дейін төмендетуді және елде өндірілмейтін немесе сыртқы нарықтарда аз мөлшерде өндірілетін өнімдерді сатып алу тетігін енгізу қажет", – деді Бауыржан Қаниев.

Еске салсақ, маңғыстаулық шаруалар мал азығы бағасын екі есе арзандатуды талап еткені туралы хабарлаған едік. “Қазір төрт түлікті бағу шаруа қожалықтарына күннен күнге қиынға соғып барады” дейді шаруалар.

Серіктестер жаңалықтары