Тікелей эфир

СҚО-да 2,5 млрд теңге бөлінген 5 дене шынықтыру кешенінің құрылысы тоқтап қалған

Құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін бюджеттен тағы 500 миллион теңге сұралып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы тоқтап тұр. 2020 жылы олардың әрқайсының құрылысына мемлекет бюджетінен жарты миллиард теңге бөлінсе де, нысандардың қашан ашылатыны белгісіз, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Смирнов ауылындағы дене шынықтыру кешенінің құрылысы 2019 жылдың соңында басталған. Футбол, теннис, жаттығу залдардарынан тұруы тиіс нысан 2,5 жыл өтсе де, әлі қолдануға берілмеген. Кешеннің ішкі әрлеу жұмыстары әлі толық жүргізілмеген: едені төселмеген, қабырғалары сыланбаған.

"Жұмысшыларға ақша берсе, уақытында істер еді. Халыққа уәде бергеннен кейін уақытында салып бітіру керек қой", – деді Смирнов ауылының тұрғыны Әбдімүтәлләп Османов.

Мердігер құрылысына 494 миллион теңге бөлінген дене шынықтыру кешенінің төрт қабырғасын көтеріп, сыртқы жұмыстарын ғана аяқтаған. 2020 жылдан бері тапсырыс мерзімі екі рет ұзартылыпты. Мердігер өз міндеттемелерін орындамай жатқандықтан, жергілікті билік сотқа да берген.


Оқи отырыңыз: 


"Мердігердің биылғы 18 қаңтарында жұмысты уақытында орындамауына байланысты сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Алғашқы сот отырысы 9 ақпанда болуы керек еді. Бірақ, отырыс кейінге шегерілді", – деді Аққайың ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Данияр Қапашев.

Солтүстік Қазақстан облысында осы сияқты тағы төрт құрылыс бар. Пресновка, Явленка, Саумалкөл және Тимириязев ауылдарында да дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің жұмыстары тоқтап тұр. Жергілікті билік бұған мердігерлерді айыптап отыр.

"Сәуір айында осы 3 нысан бойынша конкурстық жұмыстар өткізіледі. Яғни, бұл конкурстық жұмыстардың нәтижесі көрсетеді, жаңадан мердігер компаниялар тағайындалады", – деді СҚО құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы Майгүл Қажжан.

Бұл аралықта құрылыс материалдарының бағасы көтерілуіне байланысты жұмыстарды аяқтау үшін әр нысанға қайта 100 миллион теңге қаржы сұратып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары