Тікелей эфир

Шымкенттегі этномәдени бірлестік төрағалары ақпарат министрімен кездесті

Министр Дархан Қыдырәлі өңірдегі мәдени бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылым жетекшілерімен кездесті. Жиында этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстар нақтыланып, өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.

Дархан Қыдырәлі еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып, түрлі этнос өкілдері еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.

"Қоғамдық келісім – еліміздің басты байлығы. Қалалық ассамблея мүшелері, этнос өкілдері әрдайым ұйымшылдық танытып, қайырымдылық акцияларына белсене қатысады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілге деген құрмет, этномедиацияны дамыту жұмыстары қарқын алған. Біз барлық бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз", – деді Дархан Қыдырәлі.

Қазақстандағы өзбек диаспорасының "Дустлик" қауымдастығының төрағасы И. Хашимжанов, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л. Асанов, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н. Сергеева "Ассамблея жастары" РҚБ қалалық өкілдігінің басшысы Н. Мейірбеков атқарылған жұмыстар бойынша  баяндама жасады. Айта кетсек, қазіргі таңда қалалық ҚХА жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет етсе, олардың жанынан 19 шығармашылық ұйым жұмыс істейді.

Дархан Қыдырәлі "Достық үйі" ғимаратында жуырда ашылған "Бірлік алаңы" коворкинг орталығының жұмысымен танысты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары