Тікелей эфир

Тальго пойыздары тағы екі жаңа бағыт бойынша жүреді

Олар Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Арқалық және Алматы-2 – Маңғыстау бағыттары бойынша қатынайды.

"Тальго" пойыздары екі жаңа бағыт бойынша жүреді: Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Арқалық және Алматы-2 – Маңғыстау, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

№ 603 жолаушылар пойызы "Нұрлы жол" станциясынан өзінің алғашқы рейсіне аттанды. Маршрут қашықтығы – 609 км, ал жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз күн сайын қатынайды. 

"Әр вагонда 348 орындық "Турист" класы, екі вагон – "бизнес" класы, біреуі – "Гранд PMR" класы (мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған), мұнымен қатар, бір бар мен мейрамхана вагоны бар", – делінген тасымалдаушылар хабарламасында. 

Алматы-2 – Маңғыстау бағыты бойынша іске қосылған екінші №111 пойызы екі бөліктен құралған. 

"Жалпы жол жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Олардың әрқайсысында 324 орынға арналған "Турист" класты вагондар, сондай-ақ, бар мен мейрамхана вагоны қарастырылған", – деп хабарлады компания.

Серіктестер жаңалықтары