Тікелей эфир

Темекі өнімдері 2023 жылы 60 теңгеге қымбаттайды

Темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаcын 590 теңгеден 650 теңгеге жеткізу көзделген.

Қазақстанда 2023 жылы темекі өнімдерінің бағасын 590 теңгеден (2022 жылға бекітілген баға) 650 теңгеге өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілетін өзгертулерден белгілі болды.

"Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 650 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаcы белгіленсін", – деп жазылған құжат жобасында.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі бұйымдарының бағасы өсетіні бұрыннан белгілі болған. Алайда, жоспар бойынша 2023 жылғы баға 630 теңгені құрауы тиіс ед3.

Бағаны тағы 20 теңгеге арттыруға "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы себеп болған. Кәсіпкерлер палатасы бұл арқылы темекі бұйымдарын Қазақстанға жеткізуде логистикалық іркілістердің тәуекелін азайтуды көздеп отыр.  


Оқи отырыңыз: Темекі, ішімдік және есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?


Жоба 29 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары