Тікелей эфир

TikTok интерфейсі қазақ тіліне аударылады

Бұл Астана мен Алматыда сервис өкілдіктері ашылғаннан кейін іске асырылады.

Astana Media Week медиафорумында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solution бас директоры Анастасия Панина сервистің ресми өкілдіктері Астана мен Алматы қалаларында ашылатынын және сервис интерфейсі қазақ тіліне аударылатынын хабарлады.

"Қазақстанда ТikTok платформасы айрықша танымалдылыққа ие болды. Мұнда жаңаша контент жасайтын креативті, шығармашыл аудитория бар. Біздің мақсатымыз – ТikTok желісін қызықты әрі пайдалы ету", – деді Анастасия Панина.

Оның сөзінше, сервисті мемлекеттік тілге аудару қазақстандықтар үшін түрлі мазмұндағы контент жасауға жол ашады.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары