Тікелей эфир

Тоқаев: Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтіндер – көбінесе әкімдер

Президент жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша аудан әкімдеріне нақты меже қойды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жерлердегі, аудандық деңгейдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне тоқталды.

"Аймақтарда жұмыстың алға басуы әкімге байланысты екені рас. Кәсіпкерлік бастаманың жолын кесіп, тежейтін де – көбінесе әкімдер. Бұл – ащы ақиқат", – деді президент.

Мемлекет басшысы әкімдер тіпті қаржылай көмек бермек түгілі, заң аясында әкімшілік қолдау да көрсетпейтінін баса айтты.

"Мұндай жөнсіздікті шұғыл түрде доғару керек. Аудан әкімдеріне нақты меже қойылсын. Оларға жыл сайын әрбір 10 мың тұрғын үшін кемінде 100 жұмыс орнын ашуды міндеттеген жөн. Біз енді жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің соңынан жүгірмеуі керек. Керісінше әкім инвестор тартуға ұмтылуы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: 


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары