Тікелей эфир

Тоқаев "Қазақстан халқына" қоры туралы: Бұл мәжбүрлеу емес

Президент қордың ірі ұлттық буржуазия есебінен қалыптасуы тиіс екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударуға ешкімді мәжбүрлемейтінін айтты. 

"Бизнестен салықты адал төлеу, әлеуметтік жауапкершілік алу талап етіледі. Мұндай тәсілдің бір көрінісі – "Қазақстан халқына" берілетін қайырымдылық. Бұған дейін айтқанмын, бүгін қайталап айтамын, оның қалыптасуы негізінен ірі ұлттық буржуазия есебінен жүруі тиіс. Десе де, әрине, басқа компаниялардың, оның ішінде шетелдік инвесторлардың жарналары құпталады. Тағы да айтамын – бұл мәжбүрлеу емес. Бар болғаны табысты компаниялар мен азаматтарға асыл жалпы ұлттық мақсаттарға қаражат беру мүмкіндігі", – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске салсақ, қазақстандықтардың "Қазақстан халқына" қорынан көмек алуға өтінім бере алатыны туралы хабарлаған едік. Өтінім қордың мақсаты мен міндетіне сәйкес келмеген жағдайда кері қайтарылуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары