Тікелей эфир

Тоқаев Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті

Бұл жерде Ұлы жүздің бас биі Төле би жерленген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі "Төле би кесенесі" сәулет кешеніне барды, деп хабарлады Ақорда сайты.

21 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Ол бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі Төле би кесенесіне зиярат етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев / Фото akorda.kz

"Төле би кесенесі" сәулет кешеніненде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан кесене XV ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Серіктестер жаңалықтары