Тікелей эфир

Ұстаздардың орнына "тест тапсырып" пайда тапқан алаяқ ұсталды

28 жастағы алаяқтың өзі де бұрын мұғалім болып жұмыс істеген.

Бұрын педагог болып жұмыс істеген Павлодар облысының тұрғыны сыйақы үшін мұғалімдердің орнына тестілеуден өтуге уәде беріп, тұрғындардың ақшасын жымқырған, деп хабарлады Polisia.kz.

Алаяқ клиенттерді Telegram арнасындағы чаттар мен түрлі сайттарға жарнама беру арқылы тауып отырған. Қызметі үшін олардан 60-100 мың теңге аралығында ақы алған. Мұндай жарнамаға алданған адамдардың нақты саны белгісіз, дегенмен, полицияға 108 адам арызданған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның елорда аумағында өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр" делінген басылымның хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Колледж түлектері университетке түсу үшін екі пәннен ғана ҰБТ тапсырады


 

Серіктестер жаңалықтары