Тікелей эфир

WhatsApp-та енді телефон нөмірін өзге адамдардан жасыруға болады

Бұл мүмкіндік Android пайдаланушылары үшін WhatsApp-тың соңғы бета нұсқасында пайда болды.

Жуық арада WhatsApp мессенджеріндегі топтарда телефон нөмірін жасыруға мүмкіндік беретін функция пайда болады, деп хабарлады WABetaInfo порталы.

Басылымның мәліметінше, бағдарлама құрастырушылары қауымдастық мүшелерінен телефон нөмірін жасыру мүмкіндігін сынап жатыр. Енді топқа қосылу кезінде телефон нөмірі автоматты түрде жасырылып тұрады. Пайдаланушы нөмірін кімге көрсетуді өзі таңдай алады.

Бұл мүмкіндік Android пайдаланушылары үшін WhatsApp-тың соңғы бета нұсқасында пайда болды. Ал кең қолданысқа қашан берілетіні әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар уақытының көп бөлігін YouTube, WhatsApp және TikTok желілерінде өткізеді


 

Серіктестер жаңалықтары