Тікелей эфир

Зейнетақы қорындағы теңгелік инвестициялар үлесі 70 пайызға жуық төмендеді

Керісінше АҚШ долларындағы инвестициялар үлесі 21,9%-дан 31,8%-ға дейін өсті. 

2022 жылдың ақпан айында Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинағындағы сома 13,1 трлн теңгені құрады. Жинақ кезең-кезеңімен түсетін зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен құралған, деп хабарлайды ranking.kz сайты. 

Бұл ретте инвестиция үлесі айтарлықтай көп: барлық зейнетақы активі БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап (2014 жыл) 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі сома 6,5 трлн теңгені немесе қазақстандықтардың барлық зейнетақы жинағындағы соманың шамамен 50%-ын құрады. 

2017 жылдың 1 ақпанында барлық портфельдің 81%-ы облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздарға тиесілі. Ал биыл бұл көрсеткіш 59%-ды құрап отыр. Сондай-ақ, шет мемлекеттердің МБҚ үлесі 17% болды, ал бес жыл бұрын 5%-дан да аз еді. 

Мұнымен қатар, зейнетақы активтерінің 11%-ы ірі әлемдік инвестициялық компанияларға сыртқы басқаруға беріліп отыр. 


Оқи отырыңыз: Демалыста зейнетақы төлемдерін алуға өтінімді телефон және бейне байланыс арқылы беруге болады 


Қаржы құралдарын әртараптандырудан бөлек, инвестициялау валютасы өзгеріп отыр. Егер 2017 жылдың басында ұлттық валютадағы инвестициялар үлесі 77,5% болса, қазір бұл көрсеткіш 68,2%-ға дейін төмендеген. Керісінше АҚШ долларындағы инвестициялар үлесі 21,9%-дан 31,8%-ға дейін өсті. 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылдың 1 ақпаны аралығында инвестициялық табыс 681,75%-ды, осы кезеңдегі құнсыздануды есепке алғанда 551,29%-ды құрады. Осылайша, аталған кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірісі 130,46%-ға жетті. 

2020 жылы әлемде "коронадағдарыспен" байланысты қаржы нарығында құбылмалылық байқалса, ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс айтарлықтай өсті және рекордты жаңартты. Мысалы, 2020 жылы бұл көрсеткіш 80,4%, 1,3 трлн теңгеге дейін, 2021 жылы 10,8%, 1,4 трлн теңгеге дейін өсті. 

Айта кетейік, қаңтар айында Қазақстан мен шетелдегі геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, 2022 жылдың бірінші айында таза инвестициялық табыс оң динамиканы көрсетті және 10,6 млрд теңгеге жетті.


Оқи отырыңыз: Валютаны ЕДБ мен лицензиясы бар пунктілер ғана айырбастай алады – Ұлттық банк


Зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілдікпен қорғалғаны да маңызды. ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына сәйкес мемлекет зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляцияны ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Әлемде баламасы жоқ бұл норма салымшылардың жинақтарын инфляциядан сақтауға ықпал етеді.

Зейнетақы жинақтарын ССП басқармасына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады.
Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады. Әрбір салымшының өз инвестициялық табысын сайттағы жеке кабинеттен көруге мүмкіндігі бар: enpf.kz немесе мобильді қосымшада 24/7 режимінде.

Серіктестер жаңалықтары