Тікелей эфир

Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Ақын тойы 19 мамыр күні өзі білім алған төл университеті – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалғасады.

Алматыда "Танып-біліп өзімізді өзгеден, біз көшеміз өзімізге бет алып: Олжас және мәдениеттерді жақындастыру" атты халықаралық ғылыми конференция болды.

Алқалы жиын көрнекті ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналды. Оған Қазақстан және алыс-жақын шет елдердің мемлекет пен қоғам қайраткерлері, ЖОО басшылары мен ғалымдары, БАҚ өкілдері қатысты.  

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Олжас Омарұлын мерейлі жасымен құттықтай отырып, ақынның шығармашылығы мен әлемдік мәдениетке қосқан үлесі жайында ой толғады. Дара тұлғаның өз өлеңдері арқылы әлемдік руханият ауқымын қамтып, халықаралық мінберлерде адамзатқа ортақ мәселелерді көтергенін атап өтті.

Ақын тойы 19 мамыр күні өзі білім алған төл университетінде жалғасады. Қара шаңырақта аудитория және мұражай ашылып, қаламгер шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтеді.


Оқи отырыңыз: Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай волейбол турнирі басталды


 

Серіктестер жаңалықтары