Тікелей эфир

Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компанияларының рейстері ашылады

22 мамырдан бастап Түркістан-Ыстанбұл, 23 мамырдан бастап Шымкент-Ыстанбұл бағытында тұрақты рейстер орындалады.

Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан-Ыстанбұл бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент-Ыстанбұл бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, Turkish Airlines әуе компаниясы 22 мамырдан бастап Түркістан-Ыстанбұл-Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.

Сонымен қатар, түріктердің Pegasus Airlines әуе тасымалдаушысы 23 мамырдан бастап Шымкент және Ыстанбұл қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рет орындалады.


Оқи отырыңыз: Lufthansa компаниясы Қазақстанға әуе рейстерін орындауды қайта бастады


Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Серіктестер жаңалықтары