Тікелей эфир

Микроқаржы ұйымымен арадағы дауды сотқа жеткізбей қалай шешуге болады?

Бұл үшін арнайы орталыққа немесе омбудсменге жүгінуге болады.

Қазақстандықтар микронесиемен байланысты барлық мәселе бойынша тегін консультация ала алады. Ол үшін микроқаржылық қызметтерде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі орталыққа жүгінуі қажет, деп хабарлады Fingramota.kz сайты. 

Қазіргі уақытта микроқаржы омбудсмені – Башанов Серікбай.  

Қарыз алушылар орталыққа қандай мәселе бойынша өтініш бере алады?

  • МҚҰ алдындағы берешекті қайта құрылымдау кезінде тегін және жедел жәрдем алуға (төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін, өтеудің жаңа кестесін алу және т.б.);
  • МҚҰ клиентпен кездесуге барудан бас тартса, өтінішіне мүлдем жауап бермесе;
  • МҚҰ қызметкерлері заңнаманы бұзса, клиентті қорлап, әдепсіздік танытса шағымдануға немесе өтініш жазуға болады. 

Өз кезегінде омбудсмен микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттан туындайтын дауларды реттеуге көмектеседі.


Оқи отырыңыз: Депозитке 10 пайыз өтемақы: 2,6 млн адамның шотына 307,5 млрд теңге түседі


Омбудсменнен көмек сұрамас бұрын не істеу керек?

"Алдымен несие берушімен даулы мәселені өз бетінше реттеуге бағытталған шараларды қолға алу қажет. Ол үшін жазбаша немесе электронды түрде жазылған өтінішпен микроқаржы ұйымына хабарласуды ұмытпаңыз. МҚҰ күнтізбелік 15 күн ішінде өтінішіңізді қарап, оған жауап беруге міндетті. Егер ортақ мәмілеге келе алмасаңыздар, орталық көмегіне жүгіне аласыздар. Егер орталыққа жүгінгеннен кейін МҚҰ қабылдаған шешім сізді қанағаттандырмаса, онда омбудсменге жүгінуге құқығыңыз бар", – делінген сайтта. 

Омбудсменге өтінішті қалай беруге болады?

Бірінші қадам. Келесі құжаттарды жинаңыз:

  • жеке куәлік;
  • микронесие беру туралы шарт;
  • өтеу кестесі;
  • микронесие беру туралы шартқа қосымша келісім (бар болса);
  • микроқаржы ұйымына өтініштер/жолданымдар;
  • жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт (бар болса);
  • жылжымайтын мүлік кепілі туралы шартқа қосымша келісім (бар болса);
  • омбудсменге жүгінгенге дейін МҚҰ-мен даулы мәселелерді реттеу әрекеттерін растайтын құжаттар (өтініштер/жолданымдар/МҚҰ жауаптары (бар болса).

Екінші қадам.

  • өтініштің үлгісін mfohelp.kz сайтынан жүктеп алып толтырыңыз;
  • оның жанына жоғарыдағы барлық құжатты қосыңыз;
  • manager@mfohelp.kz поштасына жолдаңыз. 

Оқи отырыңыз: Кәсіп бастауға қалай 1,4 млн теңге қайтарымсыз грант алуға болады? Шағын нұсқаулық


Үшінші қадам Екі нұсқаны толтыра отырып дербес деректерді жариялауға келісім беру қажет:

  • микронесие беру құпиясын жариялауға келісім;
  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. Келісім нысандары микроқаржы омбудсменінің сайтында көрсетілген.

Орталыққа қалай жүгінуге болады?

Микроқаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, оның ішінде микрокредит бойынша төлемді кейінге қалдыруды ұсынудың барлық мәселелері бойынша орталыққа келесі нөмір арқылы хабарласа аласыз: +7 771 933 34 44.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары