Мамырдағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы жұмыс тәртібі өзгереді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы. Орталықтар 1, 7, 9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
4 мамырда орталықтар кешкі сағат 18:00-ге дейін, кезекші орталықтар 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Ал 8 мамыр күні тек кезекші ХҚКО-лар мен кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар ғана жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 13:00-ге дейін.
"10 мамырдан бастап фронт-офистер әдеттегі жұмыс режиміне оралады: ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші болып бекітілген орталықтар жұмыс күндері 9:00 – 20:00 аралығында, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді" делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 11 күн демалыс. Мамырдағы мерекелер және демалыс күнтізбесі