Қазақстан кейінгі екі айда Ресейден 45 мыңнан астам жаңажылдық шырша сатып алған екен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оның 22 200-і елге жеткізілген.

Көрші елден әкелінген шыршалардың дені - қарағайлар. Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар ұзақ уақыт сақталады және мереке қарсаңында сұранысқа ие.

Россельхознадзор департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, елге жеткізілген ағаштар эспортқа шығар алдында санитарлық тексерістен өткен.