Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2025 жылғы 18 ақпанда азаматтарға маңызды ақпаратпен жүгінді.

Дипломатиялық өкілдікте ҚР азаматтығын жоғалту бойынша құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтату туралы мәлімденді. 

"2025 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің консулдық бөлімі коронавирус пандемиясына байланысты уақытша енгізілген азаматтығын жоғалтуға арналған құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтатады. Құжаттарды қабылдау жеке келу арқылы жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.