2020 жылы Нұр-Сұлтанда энергия үнемдейтін шамның рекордтық саны орнатылады

 Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Нұр-Сұлтанда ЖКУ шамдарын (натрийлі шам) қазіргі заманғы энергия үнемдейтін жарық диодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мамандар атап өткендей, олар ұзақ және үнемді қызмет етіп, электр энергиясын аз жұмсауға мүмкіндік береді.

– Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді және олар қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ олар жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін неғұрлым жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы. Егер қалада 47 мың жарық нүктесі болса, биыл 10 мыңын ауыстыру жоспарланған, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Сондай-ақ, елордада аулаларды және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру белсенді жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.



Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".