Алаш арысы Әлихан Бөкейханның есімі Теміртау орталық мешітіне берілді

Биыл Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл.

Қарағанды облысы Теміртау қаласы орталық мешітіне мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның есімі берілді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті. Сурет ҚМДБ ресми сайтынан алынды

"Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деп өзіне серт берген Алаш арысының есімі мешітке берілуінің тарихи себептері бар. Әлихан бабамыз қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, Алаш партиясын құрды. Қазақ баласының білімді, парасатты болуын мақсат етіп, талай дарынның болашағына жол көрсеткен", – делінген ҚМДБ ресми сайтында.

2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен Семей қаласының Суықбастау кентіндегі мешітке Әлихан Бөкейханның есімі берілген болатын.


Оқи отырыңыз: Жапон мен қазақ: Жақын мен қашық


 
 
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".