Алматы метросының барлық станцияларында Wi-Fi іске қосылды

Интернетке бекетке түскенге дейін қосыла аласыз. Сәйкестендіру үшін телефон нөмірін енгізу қажет.

Алматы метросының барлық станциялары тегін Wi-Fi-мен жабдықталды. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

Байланыс метроға кіре берісте, станцияға түскенге дейін жасалуы керек. Wi-Fi-ға қол жеткізу үшін сізге Metro Wi-Fi желісіне қосылу қажет, пайдаланушы автоматты түрде сәйкестендіру парағына бағытталады. Мұнда сіз ашылған жолаққа телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек.

 

Бұған дейін Алматы метрополитенінде Wi-Fi қосылғаны, бірақ тестілеудің шектеулі нұсқасында жұмыс істейтіні хабарланған болатын.


Оқи отырыңыз: Алматыда метроның "Достық", "Сарыарқа" бекеттері бітпей жатып, "Қалқаманның" құрылысы басталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".