Алматы автопаркі газбен жүретін жаңа 37 автобуспен толықты

Жаңа автобустардың бір бөлігін қаладағы 34-бағыт бойынша жүргізу жоспарлануда.

Алматының коммуналдық паркі газбен жүретін 37 жаңа автобуспен толықты. Қала бюджетінен сатып алынған бұл автобустар 20 наурыздан бастап жолаушы тасымалдауға беріледі. Әзірге қоғамдық көліктер техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Жоспар бойынша, жаңа автобустар партиясының бөлігін тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген 34 бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімінің баспсөз қызметі хабарлады.

"Жаңа ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін платформаы бар. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысын тоқтатады. Шектеу қала "қызыл аймақтан" шыққанша жалғасады 


Еске салсақ, жаңадан қосылған көліктерді есептегенде қала бағыттарында газбен жүретін 389 автобус қызмет көрсететін болады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, қаладағы барлық коммуналды және қоғамдық көлік жоспарлы түрде газға көшуде. Мұндағы басты мақсат – қаланың экологиясын жақсарту және жолаушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".