Антикоррупциялық қызмет өкілі ТҮКШ саласында жиі кездесетін қылмыстарды атады

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Пара алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекет мүлкін ұрлау деректері жиі кездескен.

2019 жылы бұл салада 104 қылмыстық іс қозғалған. Оның 49-ы сотқа дейін жетіп, нәтижесінде 20-дан астам лауазымды тұлға айыпталған.

"Осы саладағы қылмыстардың мемлекетке келтірген залалы 2,5 млрд теңгеден асады. Қазірге дейін ол қаржының 100 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа бірқатар қылмыстық іс әлі де қаралып жатыр", – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Екінші мәрте ұрлық жасайтындарға кешірім жоқ. Қылмыстық кодекске ұрлыққа қатысты тағы қандай өзгертулер енгізілді?

Аға тергеушінің айтуынша, ТҮКШ саласында негізінен пара алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекет мүлкін ұрлау деректері жиі кездеседі. Айыпталған азаматтар орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қойып, тендер өткізіп немесе баспана алу кезегін жылжыту арқылы заң бұзған.

Бұдан бөлек, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мен магистралды тораптарды қалпына келтіруге бөлінген бюджет қаржысын жымқыру және жалпы қорғаншылық деректері де анықталды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".