Баиа Халықаралық анимациялық фестивалінде Balapan арнасының  "Шыңырау" анимациялық фильмі жеңімпаз атанды

Balapan телеарнасының  "Шыңырау" анимациялық фильмі "Үздік саундтрек" номинациясында үздік шықты.

Бразилиядағы Баиа Халықаралық анимациялық фестивалінде (FESTIVAL INTERNACIONAL DE ANIMAÇÃO DA BAHIA) Balapan Телеарнасының  "Шыңырау" анимациялық фильмі "Үздік саундтрек" номинациясында  жеңімпаз атанды.

Бұл туралы телеарна директоры Мақпал Жұмабай Facebook парақшасында

"Шыңырау" – "Қоңыр қаз" анимациялық жобасының 2Д қысқа метражды фильмдерінің бірі, онда біз анимация көмегімен классикалық музыкалық шығарманың сюжетін, сондай-ақ, Ықылас Дүкенұлының күйіндегі  мифологиялық және фольклорлық сарындарды бейнелеуге тырыстық. Қобыздың қайталанбас үні арқылы қазақ халқының бай мәдениетін көрсетуге тырыстық. Balapan телеарнасы ұжымын, сценаристер Зира Наурзбаева мен Тамара Мұқанованы, қобызшы Акнар ШарипбаеваНы, режиссер Дильшат Рахматуллинді, Dala Animation командасын халықаралық марапатымен құттықтаймыз!" – деп жазды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".