Бесінші "Абай оқулары" әдебиет байқауы жарияланды

Байқау 2021 жылдың 21 маусымы мен 30 тамызы аралығында өтеді.

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған "Абай оқулары" жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялады. Мақсат – Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, қазақстандық жастардың оқу мәдениетін, әдеби талғамын қалыптастыру.

Әдебиет байқауының шарттары:

  • Абайдың кез келген өлеңін қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде мәнерлеп оқыған сәтін видеоға түсіру;
  • Түсірілген видеоныFacebook немесе Instagram әлеуметтік желісінде #біздіңАбай, #Абайәдебиетэстафетасы, #ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегтерімен жариялау.

"Абай оқулары" 2021 жылдың 21 маусымы мен 30 тамызы аралығында өтеді. Байқау қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан үздік оқушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".