Бүгін ҰБТ басталды. Тест тапсырушылар нені білуі керек?

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған қатысуға 131 мыңнан астам адам өтініш берген.

Бүгін ҰБТ-ның бірінші күні тек 6 512 талапкер тест тапсырады. Ел аумағындағы 161 пунктің 54-і ғана істейді. Тест тапсырушылар ҰБТ қағидаларымен қатар санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

Informburo.kz ҰБТ тапсырушылар мен олардың ата-анасына тестілеуге қатысты қажет ақпаратпен бөліседі.

Тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық талаптар сақталады

Биыл коронавирус жағдайына байланысты ата-аналарға және басқа да адамдарға ҰБТ өткізу пунктеріне келуге және ғимарат аумағында жүруге тыйым салынады. ҰБТ өткізу пунктері баррикадалық ленталармен қоршалады. Әрбір аудиторияда бейнебақылау камерасы орнатылған. ҰБТ-ның қалай өтіп жатқанын кез келген адам онлайн-трансляциядан көре алады.

Тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық шаралар қабылданған:

  • дезинфекциялық тонельден өту;
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандыру;
  • дене қызуын өлшеу;
  • қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
  • медицина маскасын беру.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде тест тапсырушылар арасындағы арақашықтық кемінде 2 метр болуы тиіс. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен желдетіліп, өңделеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталатындықтан аудиторияны жартысын ғана толтыруға болады.

Оқи отырыңыз: 132 мың үміткер – 54 мың грант. Биылғы түлектер ҰБТ-дан сүрінбей өтуі үшін нені білуі тиіс?

Биыл ҰБТ-ға бірнеше жаңашылдық енгізілді

Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгермесе де, қағидаларына жаңашылдық енгізілді:

  • тестілеуге кіретін қатысушыға алғаш рет бет-әлпетін тану – Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру тәсілі қолданылады;
  • 2020 жылы ҰБТ сертификаты электрон нұсқада беріледі;
  • білім беру грантын тағайындауда да электрон куәлік енгізілген;
  • академиялық кезең аяқталғанға дейін ҰБТ-да шекті балын жинай алмағандар жыл бойы тестілеуден өте алады;
  • педагогика мамандықтарына тапсыратындардың шекті балы 60-тан 70-ке дейін көбейді;
  • талапкерлерден тестілеу кезінде қолдануға тыйым салынған заттар табылса немесе ҰБТ бейнежазбасын қарағанда мұндай көмекші заттар пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі мен білім беру гранты жойылады;
  • тестілеуге 10 минут қосылып, тест тапсыру уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылды;
  • алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат беріледі, бірақ өзімен бірге калькуляторды өзімен алып келуге тыйым салынады;
  • тестілеуден өз күшімен, әділ жолмен 140 ұпай жинаған әрбір тест тапсырушыға заманауи, соңғы модельдегі ноутбук сыйға беріледі;

Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсырушылар нені білуі керек?

ҰБТ-ны үйден бақылауға болады

Ата-анаға, балаларды алып жүруші тұлғаларға ҰБТ пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-ана тестілеу барысын ҰБТ өтіп жатқан жерге келмей-ақ, үйінде отырып көре алады. Онлайн трансляцияға арналған сілтеме БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы таратылып, көпшілікке жария етіледі. Кез келген адам сілтеме арқылы өтіп, ҰБТ-ның қалай өтіп жатқанын көреді.

Биыл кез келген адам ҰБТ-ны Digital Agent қосымшасы арқылы бақылай алады. ҰБТ өткізу ережелерін бұзу фактісі анықталса, фото/бейне жазбаны Digital Agent қосымшасына тікелей жіберуге болады немесе 1414 және 1424 телефондарына хабарласа алады. Орталық әрі қарай шара қолданады. ҰБТ-ның өткізілуін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшелері қадағалайды.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға арналған гранттар. Qazbilim олимпиадасына қалай қатысуға болады?

2020 жылы 54 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді

Биыл жоғары білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға бөлінген грант саны – 53 864. Гранттың басым бөлігі:

  • инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 14 681;
  • педагогикалық ғылымдар – 8 243;
  • жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 4 088;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 3 815;
  • денсаулық сақтау мамандықтарына 2 700 грант бөлінген.
ҰБТ нәтижесін edu.mail.kz сайтынан және Ұлттық тестілеу орталығы сайтынан білуге болады. Ол үшін талапкердің ТЖК мен ЖСН нөмірін енгізу керек.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".