Білім министрлігі тағы бір университетті лицензиясынан айырды

Білім және ғылым министрілігінің мәліметінше, университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзуға жол берген.

Білім және ғылым министрлігіне Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің білім сапасына қатысты шағым келіп түскен. Осыған байланысты жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясын заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабардады БҒМ баспасөз қызметі.

Жүргізілген бақылау барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімі тексеріліп, нәтижесінде 97%-ы шекті балды еңсере алмаған.

"Жоспардан тыс тексеру барысында ЖОО-да сабақтар кесте бойынша өткізілмейтіні анықталды.Оқу үлгерімін тексеру нәтижелері оқу орнындағы білім беру сапасының төмен деңгейін көрсетті. Одан бөлек, оқу орны кадрлар даярлау бойынша жұмыс берушілермен белсенді жұмыс істемейтіні де байқалды. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде академиялық адалдық қағидаттары да сақталмайды. Мәселен, студенттер жазған курстық жұмыстары өзге адамның еңбегінен көшірілген, ал дипломдық жұмыстарда академиялық қағидалар бұзылғаны анықталса да қорғауға жіберілген жағдайлар тіркелген. Жалпы, университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзуға жол берген", – деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес ЖОО лицензиясының күші тоқтатылған жағдайда, студенттер оқу орнында анықталған бұзушылықтардың жойылуын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".