Бір жолғы зейнетақы аударымын БЖЗҚ шотына қайтару үшін енді 45 күн күтудің қажеті жоқ

Қаражатты қайтару бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

enpf-otbasy.kz оnline платформасында жаңа функция іске қосылды. Ол арқылы зейнетақы қорынан жеке есепшотқа аударылғанымен, бірақ пайдаланылмаған қаражатты БЖЗҚ есепшотына жедел кері қайтаруға болады. Яғни, бұған дейін зейнетақы жинағыңызды туысыңызға берсеңіз, ол белгілі себеппен қаражатты пайдаланбаса, немесе артылып қалған ақшаны қайтадан БЖЗҚ шотыңызға аудару үшін 45 күн күту керек еді. Енді өтініш жазып, ертерек қайтарып алуға болады.

Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. enpf-otbasy.kz жеке кабинетіне кіру;
  2. "Табыстаулар" бөлімінде туысқаныңыздың қаражатын босатуды жоспарлаған өтінімді таңдау;
  3. "Қаражатты қайтару" пернесін басу;
  4. ЭЦҚ көмегімен қаражатты қайтару туралы өтінішке қол қою.

Егер табысталған қаражат бойынша өтінім іске қосылған болса, өтінімнен бас тарту керек. 

Табыстаушы тарап та БЖЗҚ-ға қаражатты қайтарып, мақсатты өзгерте алады. Туысқа қаражат қайтару бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".