Экология министрлігі "Теңізшевройл" кәсіпорнын ауаға улы түтін таралуына байланысты тексереді

Кеше осы жағдайға орай мекеменің барлық қызметкері эвакуацияланған болатын.

7 сәуірде "Теңізшевройл" кәсіпорнының құбырынан улы-сары түтін шығып жатқаны түсірілген видеолар мен фотолар әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты мекеменің барлық қызметкері эвакуацияланған болатын. Ал экологтардан құрылған арнайы комиссия дереу мекемеде тексеріс жүргізген. Сөйтсе, күндіз КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар бар сары түтін түтін мұржа арқылы қоршаған ортаға шығарылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @zello_tengiz (@zello_tengiz)

"Теңізшевройл" кәсіпорны қазір автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептерін анықтауда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты "Теңізшевройл" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".