Ішкі істер министрі: Биыл электронды тергеу жүйесіне толықтай көшеміз

Бұл тергеу мерзімін қысқартады, бақылау мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттырады.

"Қылмыстық істерді электронды форматта тергеу тәжірибесі артып келеді. Өткен жылы қылмыстық істердің 50%-ы осы түрде тергелді, бұл 70%-ды құрайды. Жыл соңына дейін электронды тергеуге 100% көшу жоспарланып отыр", – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ол бұл жүйе тергеу мерзімін қысқартатынынан бөлек, бақылау мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыратынына тоқталды.


Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігінің жабық қорында 172 мың құжат "құпия" белгісімен сақтаулы


"Мен бұл жобаны Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып бастағанын атап өткім келеді", – деп түйіндеді Ерлан Тұрғымбаев. 

Айтуынша, 3 жылдан бері ішкі істер органдарына үлкен реформа жүріп жатыр. Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5%-ға азайды. Қарақшылық шабуыл – 7%, тонау – 22%, бұзақылық – 26%-ға қысқарды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар саны төмендеген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".