Кәсіпкерлер жыл соңына дейін бақылау кассасын орнату керек. Арнайы құрылған штаб түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болды

Онлайн бақылау кассалық аппараттары кәсіпкерлердің деректерін салық органдарына дер кезінде жеткізу үшін енгізіліп отыр.

Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев Қазақстан бойынша тіркелген кассалық аппараттардың саны 535 мыңға жеткенін айтты.

Соның ішінде 505 мыңы онлайн режимде жұмыс істейді.

Онлайн кассалардың саны 333 мың болса, қалғаны компьютер, планшет пен телефондағы қосымшалар мен бағдарламалар түріндегі кассалар.

Руслан Еңсебаевтың айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салықтық режимді қолданатын салық төлеушілерге кассалық аппараттарды пайдалану міндеттеледі.

"Бақылау-касса аппаратын тіркеу қазір жеңілдетілді. Бұрын Салық комитетіне барып, әртүрлі құжаттарды тапсыруға 5 күн кетсе, қазір бәрі онлайн режимде жүргізіледі. Реестрде барлық талапқа сай келетін 85 онлайн касса моделі тіркелген", – деді Руслан Еңсебаев.

Министрдің мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау-кассалық аппаратын енгізу бойынша орталық және аймақтық деңгейлерде штаб құрылмақ. Штаб құрамына бақылау-кассалық аппаратын сатушы компаниялар мен кәсіпкерлер кірді. Құрылған штаб базарлар мен сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Сонымен қатар вице-министр жыл соңына дейін фискалдық операторлардың саны көбеюі мүмкін екенін айтты. Қазір операторлар саны үшеу. Олар – "Қазақтелеком", "Транстелеком" және "Кар-Тел" компаниялары.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".