Mega сауда орталықтары желісінде коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында 2 автокөлік ойнатылады

Ұтысқа Алматы мен Нұр-Сұлтанда 23 шілде мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар қатысады.

Блогер Әлішер Елікбаев Facebook парақшасында Алматы мен Нұр-Сұлтанда Mega Park, Mega Alma-Ata және Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталықтарында екпе алғандар арасында екі Hyundai Accent автокөлігі ойнатылатынын хабарлады. Автокөліктерді Astana Group холдингіне кіретін Astana Motors компаниясы ұсынып отыр.

Елордада ұтыс ойынының финалы Mega Silk Way-дің Instagram желісіндегі ресми аккаунтында тікелей эфирде өтеді. Сондай-ақ, 23 шілде мен 31 тамыз аралығында әр апта сайын Mega Silk Way сыйлықтардың аралық ұтыстарын өткізіп отырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".