Мектеп түлектерінің қорытынды емтихандары 28 мамырда басталады

2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтайды.

9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
  • өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

Оқи отырыңыз: 6 мамыр мен 30 маусым аралығында білім беру грантын тағайындау үшін ҰБТ өтеді


 

11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
  • Қазақстан тарихынан тестілеу;
  • өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.


Оқи отырыңыз:


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".