"0 теңге". Утиль алымды төлеуден кімдер босатылады?

Утиль алым жасалғанын растайтын сертификатты беру тәртібіне өзгеріс енгізілді.

Елімізде кейбір автокөлік иелері утилизациялық алымды төлеуден босатылуы мүмкін. Экология министрлігінің ақпараты бойынша бұндай жеңілдік Үкіметтің арнайы қаулысында көрсетілген. Қаулыда утилизациялық алымды енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер жазылған. Бұл қандай өзгерістер? Утильалымнан кімдер босатылады? Бұл туралы "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасы хатшылығының жетекшісі Талғат Маханов 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасының эфирінде айтып берді.

– Утилизациялық алымды енгізу туралы сертификатты беру тәртібі бойынша өзгерістер енгізілген. Бұл қандай өзгерістер?

– Кәдеге жарату төлемі, яғни утиль төлемдері жасалғанын растайтын сертификатты беру тәртібіне өзгеріс енгізіліп, халықаралық тасымалдарға қатысатын ершікті тартқыш техникаларға нөлдік коэфицентті қолдану қарастырылған. Мысалы, нөлдік коэфицентті қолдану үшін халықаралық тасымалдарға қатысушылар мен ершікті тартқыш техниканы аталған уақытта халықаралық жүк тасымалдарына пайдалану жоспарланған өндірушілер немесе импорттаушылар recycle.kz сайтына кіріп, жеке кабинеті арқылы өтінім беруі қажет. Ол жерде ершікті тартқыш техникаларындағы халырақалық тасымалдарға қатысатынын көрсететін кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты жүктеуі керек. Одан кейін оның мөлшері 0 теңге болып белгіленеді. 

– Утилизациялық алымнан кімдер босатылады?

– Бұл жерде утилизациялық алымнан босатылады деп отырған техникалар – ершікті техникалар, яғни өзінің тіркемесінен жүргізуші отыратын кабинасы бөлек техникалар немесе тіркемесі бар техникалар. Сонымен қатар олар міндетті түрде халықаралық бағытта жұмыс істеуі керек.


Оқи отырыңыз:

Утиль алымының азаюы vs доллардың қымбаттауы: Көлік арзандай ма?

Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгілі болды

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".