1-2 қарашада Астанада тұңғыш рет халықаралық Құран жарысы өтеді

Байқауға әлемнің 30 елінен қарилар келеді.

1-2 қарашада Астанада ұлттық мереке – Республика күніне орай І халықаралық Құран жарысы өтеді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мұндай ауқымдағы шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 

Байқау ҚМДБ жанындағы республикалық бас мешітте өтеді. Халықаралық Құран жарысына Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабия Корольдігі, АҚШ, Мысыр Араб Республикасы, Түркия, Ресей, Кувейт, Гвинея сынды 30 елден қарилар қатысып, олар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды. 

Байқауға Түркия, Мысыр Араб Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстаннан келетін әлемге танымал, тәжірибелі қарилар қазылық етеді. 

Екі күнге созылатын Құран жарысы мүфтияттың Munara TV телеарнасынан, "Мүфтият ҚМДБ" YouTube арнасынан, Діни басқарманың ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.


Оқи отырыңыз: Екі ғасырлық тарихы бар Кенесары ханның Құран кітабы Ясауи кесенесіне қойылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".