10 жылға дейін: Енді студенттерге оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін

Құжатқа сәйкес, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі.

Елімізде Жоғары оқу орнының студенттері, магистранттар мен докторанттарға оқу ақысын төлеу үшін несие берілуі мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру несиесін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құжатқа сәйкес, несие ұлттық валютамен 10 жылға беріледі. Төлем оқу орнын бітірген соң емес, қарыз берілгеннен кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса – төлем уақыты шегеріледі.

Несиені алу үшін үміткер Қазақстан аумағындағы университеттің не одан кейінгі оқу орнының студенті болуы керек. Тәлімгердің қолында оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде қаражаты барын растайтын білім беру жинақтау сақтандыру шарты болу керек.


Оқи отырыңыз: Несие бойынша төлемдер қарыз алушы табысының 50%-нан аспауы тиіс. Мұны МҚҰ мен банктер тексереді


Егер студент ата-ана қамқорлығынсыз қалса – тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті Қазақстан Республикасының бір азаматы кепіл болуы қажет. Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерге соңғы талап – міндетті емес.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".