"10 жыл өтілі бар адамдарға – 116 680 теңге". Отбасы банкі ақпаратты жоққа шығарды

Хабарламада 10 жыл еңбек өтілі бар әр азамат мемлекеттен қаражат ала алатыны жазылған.

Интернет кеңістігінде Отбасы банкінің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны жөнінде жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алаяқтар 10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Олар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды", – деп жазылған банк хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағы салынған ипотеканы неге онлайн жабуға болмайтынын Отбасы банкінің басшысы түсіндірді


Отбасы банкі қауіпсіздік үшін күдікті сілтемелерді ашпауға, жеке деректерді бермеуге және тек банктің ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".