11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар аралығында қозғалыс қайта жанданды

13 желтоқсаннан бері жолдан 11 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Бұған дейін қарлы боран салдарынан 11 пойыз тұрып қалған Жамбыл облысындағы Шу-Отар теміржол аралығындағы қозғалыс қайта жанданды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК хабарлады.

"Теміржолшылар арнайы техниканың көмегімен тәулік бойы белсенді түрде қарды шығарып жатыр. 13 желтоқсаннан бері жолдан 11 мың текше метрден астам қарды тазалады", – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақта пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды. Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу және KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы алуға болады.


Оқи отырыңыз: "Ауа райын мұқият қадағалаңыз: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".