Qazaq Air компаниясы 11 қазаннан бастап Шымкенттен Жезқазғанға қатынайтын жаңа бағытты іске қосатынын хабарлады. Аталған бағытты мемлекет субсидиялайтындықтан, билет бағасы тұрақты, 15 мың теңге болады.
Компанияның мәліметінше, жолаушылар De-Havilland Dash 8-Q400 ұшағымен тасымалданады.
Рейс аптасына екі мәрте – сәрсенбі және жексенбі күндері жасалады:
- IQ 545: Шымкент 11:40 - Жезқазған 13:10;
- IQ 546: Жезқазған 13:40 - Шымкент 15:10.
Билеттерді бүгіннен бастап сатып алуға болады.
Оқи отырыңыз: 30 мың теңгеден басталады: FlyArystan Алматыдан Мумбайға рейс ашады
Пікірлер