Астана қаласының бірнеше ауданында оқушыларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
12 тамыздан бастап демалыс күндері елорда тұрғындары жәрмеңкеден мектепке қажет құрал-жабдықтарды арзанырақ бағамен ала алады.
"Қазіргі уақытта жәрмеңкелерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр", – деді Қасымхан Сенғазыев.
Оқи отырыңыз: Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?
Мұнымен қатар ол жәрмеңкелердің қай аудандарда өтетінін хабарлады:
- Алматы ауданында – Абылай хан көшесі, №20 үй маңында;
- Байқоңыр ауданында – "Аймақтау" сауда орталығында;
- Есіл ауданында – Ботаникалық саябақ тұрағында;
- Нұра ауданында – цирк тұрағы;
- Сарыарқа ауданында – Шаймарден Қосшығұлұлы көшесі, №14 үй маңында.
Пікірлер