14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын мен бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, орталығында екпінді жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 38 градусқа дейін ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбенің орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Қарағандының орталығы мен солтүстігінде, Алматы қаласында, Түркістанның шөлейтті аймақтарында, батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстанның басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының батысы мен оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.


Оқи отырыңыз: Нөсерлеп жауған жаңбырдан соң Алматы көшелері мен аулаларын су басты.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".