15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме? ДСМ жауап берді

Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі.

Әлеуметтік желіде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, бетперде тағу режимі барлығына міндеттелетіндігі туралы тарап жатқан ақпарат жалған.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпедемиологиялық бақылау комитеті Телеграм-арнасында мәлімдеді.

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақыланып жатыр. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді", – делінген хабарламада.

ДСМ азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".