16-17 шілдеде Қытайда қазақ күресінен чемпионат өтеді

Бәсекенің басты жүлде қоры – 3 автокөлік.

16-17 шілде күндері Қытайдың Шыңжаң өлкесі Санжы облысы Манас ауданында қазақ күресінен чемпионат өтеді. Онда өлкенің төрт бұрышынан жиналатын балуандар күш сынасады. Спорттық бәсекенің жүлде қоры да қомақты – 3 автокөлік, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Бұқаралық спорт түрінде ұйымдастырылған чемпионатқа қатысушылардың ұлтына қарай шектеу қойылмайды. Басты шарт – жасы 18-ге толған және тұрғылықты жері тек Шыңжаң өлкесі болуы. Сонымен қатар, бұрын кәсіби балуан болған болса, арнайы командадан шыққанына 3 жылдан асуы талап етіледі.

Қытайлық БАҚ дерегінше, жарыс үш салмақ дәрежесінде өтеді:

  • қазақ күресі мен оң қол күресі – 70, 85 келіге дейін және 85 келіден жоғары;
  • "бұқаша тартыс" – 85 келіге дейінгі және 85 келіден жоғары.

Қазақ күресі мен қол қарымын сынасушылар алдыңғы алты орынға дейін марапатталады. Ал "бұқаша тартыста" алдыңғы сегіз адамға дейін сыйлық беріледі. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".