18-29 жастағы қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

Сыйлық "Проза", "Поэзия", "Драматургия", "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша беріледі.

Қазақстандық жас жазушылар мен ақындарды қолдау үшін президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тиісті жарлығының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Сенат депутаттарына берген жауабынан белгілі болды.

Президенттік сыйлық "Проза", "Поэзия", "Драматургия", "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша беріледі. Ол 18-29 жас аралығындағы ел азаматтарына бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін табысталады.


Оқи отырыңыз: 


Сондай-ақ, депутаттық сауалға жауапта биыл республикалық деңгейде "Үздік шығарма" "Жылдың үздік кітабы" байқаулары өтетіні жазылған.

"Былтыр кітап оқуды дәріптеуге бағытталған үшжылдық жалпыреспубликалық жоспар қабылданып, оның шеңберінде 2021 жылғы желтоқсанда DanaBala балалар әдебиеті сайты іске қосылды. Сайтта өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жарыққа шыққан қазақ қаламгерлерінің 22 кітабының электрондық нұсқасы жарияланған. Сондай-ақ, порталға отандық балалар қаламгерлерінің және шетелдік ақын-жазушылардың 200-ге тарта шығармалары жүктелген" делінген жауап мәтінінде.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".